COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы (02.11.2020)

COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы (02.11.2020)

Ағымдағы жылдың 2 қарашасындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 4 жағдайы тіркелді.

Атап айтқанда, Тараз қаласында өз еркімен тексерістен өткен 1982, 1987, 1977 жылы туылған ер адамдардың коронавирусқа талдаулары оң нәтиже көрсетті. Олармен байланыста болған адамдар карантинге алынды. Ауру ошақтарында қорытынды дезинфекциялық шаралар жүргізілді.

Сондай-ақ 1956 жылы туған Шу ауданының тұрғынынан да коронавирус анықталды. Барлық науқастарда тыныс алуға қатысты шағым белгілері байқалған.

Жалпы, ағымдағы жылдың 2 қарашасындағы жағдайға сәйкес Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 4195 жағдайы тіркелсе, ауруханалардан 4090 науқас емделіп шыққан.