
6 ақпан күні Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Талас ауданына жұмыс сапарымен барып, тамақ өнеркәсібі және көлік саласындағы ірі жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
Өңір басшысы «Artaza» сублимацияланған сүт өнімдерін өндіретін цехтың және «Қаратау» теміржол станциясының құрылыс алаңдарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді.
Ербол Қарашөкеев аталған жобалардың өңір үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтіп, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ, бұл күні күрделі жөндеуден өткен №4 «Үміт» арнайы мектеп-интернатының тыныс-тіршілігімен танысты.