Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады

Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
 
Кездесу барысында өндіріс пен ауыл шаруашылығына жер бөлу, тұрғын үй, білім беру, медицина, жұмыспен қамту мәселелері, сондай-ақ жеке сипаттағы ұсыныс-пікірлер көтерілді.
 
Ербол Қарашөкеев азаматтардың сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді.
 
Қабылдау қорытындысында жауапты тұлғаларға көтерілген түйткілдерді жан-жақты зерделеп, кезек күттірмейтін өтініш-тілектер бойынша тиісті шешімдер қабылдау тапсырылды.