COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы (27.10.2020)

COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы (27.10.2020)

Ағымдағы жылдың 27 қазанындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 2 жағдайы тіркелді, оның біреуі симптомсыз.

Атап айтсақ, Байзақ ауданында 24 жастағы тұрғыны жөтел, дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы және ентігуге қатысты шағыммен, өз еркімен тексеруден өткен. Ер адам жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Онымен байланыста болған тұлғалар карантинге алынды.

Ауру ошақтарында қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Ал, Тараз қаласының 7 жасар тұрғыны байланыста болған тұлға ретінде тексеріліп, симптомсыз дертке шалдыққаны анықталды. Ол үй карантиніне оқшауланды.

Жалпы, ағымдағы жылдың 27 қазанындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 4177 жағдайы тіркелсе, ауруханалардан 4084 науқас емделіп шыққан.