
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 34 жылдығына орай Тараз қаласындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық және қалалық мәслихаттардың, қоғамдық және ардагерлер кеңестерінің төрағалары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен белсенді жастар қатысты.
Жиналған жұртшылық бұл күні ел азаттығы жолында күрескен ата-бабалардың рухына тағзым етіп, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұлықтады.