Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдауға Тараз қаласы мен Жамбыл, Меркі, Қордай аудандарынан азаматтар келді. Олар ауыл шаруашылығы (жер қатынастары, ветеринария), денсаулық сақтау, тұрғын үй, мәдениет және білім беру салаларына қатысты, сондай-ақ жеке сипаттағы мәселелерін көтерді.
Ербол Қарашөкеев әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, заң талаптары мен шешу жолдарын жан-жақты түсіндірді.
Қабылдау қорытындысы бойынша өңір басшысы тиісті сала басшылары мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, қосымша уақытты қажет ететін түйткілдерді жеке бақылауына алатынын жеткізді.
Айта кетейік, азаматтарды жеке қабылдау алдын ала жазылу тәртібімен тұрақты түрде өткізіліп келеді.