Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Алтай Сембекұлы Әлі Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі) лауазымына тағайындалды.
 
Алтай Сембекұлы 1985 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.
 
Еңбек жолын 2005 жылы «Рахат» Қазақ-Австрия бірлескен кәсіпорны АҚ-да байланыс орталығының қызметкері болып бастаған.
 
Әр жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялау департаментінің менеджері, Астана қалалық сотының бас маманы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді.
 
Сонымен бірге Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы, көмекшісі, Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары – хатшылық меңгерушісі, Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды.
 
2023 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көлік бақылау комитетінің төрағасы лауазымында еңбек етіп келді.