Биыл Жамбыл ауданында 15,2 шақырым жол жөндеуден өтеді

Биыл Жамбыл ауданында 15,2 шақырым жол жөндеуден өтеді

Жамбыл ауданында 13 ауылдық округтегі 31 елді мекенде жалпы ұзындығы 301,6 шақырымды құрайтын 375 көше мен бұрылыстар бар.

Ағымдағы жылы ауылішілік жолдарды жөндеу бойынша ауданда 15 жоба іске асырылмақ. Бұл жобалар арқылы 14 көше мен 5 бұрылыс, яғни 15,2 шақырым жол жөндеуден өтеді. Оның 6 жобасы аудандық бюджет есебінен жүзеге асса, 9 жоба «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында қолға алынған.

Биыл Жамбыл облысында жалпы автомобиль жолдарын дамытуға 28,6 млрд. теңге бөлініп, құрылыс, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарымен 470,3 шақырым жол қамтылады.

Бүгінге 45 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдар үлесі 99,5%-ға, ал көше-жол желісі - 89%-ға жеткізіледі.