2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Жамбыл облыстық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Жамбыл облыстық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2024 жылғы 8 желтоқсанда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Жамбыл облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 38021 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 11907 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 77 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№ 4 сайлау округі бойынша

Жетпісбаев Нұрбол Ерланұлы үшін сайлаушылардың 1094 дауысы берілді,

Каленова Ұлжан Медербекқызы үшін сайлаушылардың 1548 дауысы берілді,

Карабеков Алтай Заутбекович үшін сайлаушылардың 8614 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 548;

 

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды:

№4 сайлау округі бойынша – Карабеков Алтай Заутбекович, 1972 жылы туған, жеке кәсіпкер, «Ауыл Береке» ЖШС құрылтайшысы, Тараз қаласының тұрғыны.

 

  

2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Жамбыл облыстық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2024 жылғы 8 желтоқсанда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Жамбыл облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 45025 азамат енгізілді. Дауыс беруге -22423  сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 273 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№ 18 сайлау округі бойынша

Адилов Нуржан Ахметович үшін сайлаушылардың 18974 дауысы берілді,

Қилыбай Нұрзат Манатбекұлы үшін сайлаушылардың 1474 дауысы берілді.

Құрманғазыұлы  Ақжол үшін сайлаушылардың 1847 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 101;

 

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды:

№18 сайлау округі бойынша – Адилов Нуржан Ахметович, 1981 жылы туған, жеке кәсіпкер, «ИП.Адилов», Жамбыл облысы, Шу ауданының тұрғыны.

 

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
10 декабря 2024