2023 жылғы 19 наурызда өткен партиялық тізімдер бойынша сайланатын Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабар

2023 жылғы 19 наурызда өткен
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының партиялық тізім бойынша сайлау қорытындылары туралы

 ХАБАР

 

2023 жылғы 19 наурызда Жамбыл облыстық мәслихатының партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының сайлауы болып өтті.

Сайлаушылардың тізімдеріне 717 116 азамат енгізілді.

Дауыс беруге 467 326 сайлаушы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 26 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 5090 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 6 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс саны:

«Amanat» партиясы – 303 363 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 66,03 проценті;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 26 194 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 5,70 проценті;

«Respublica» партиясы – 51 567 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 11,22  проценті;

Қазақстан Халық партиясы – 26 066 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 5,67 проценті;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 25 744 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 5,60  проценті;

«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 26 100 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 5,68 проценті;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдер саны – 424.

 

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының бес және одан көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың былайша бөлінгені белгіленсін:

«Amanat» партиясы - 12;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 1;

«Respublica» партиясы - 2;

Қазақстан Халық партиясы - 1;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы - 1;

«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы - 1;

 

 

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

 

2023 жылғы 19 наурызда өткен партиялық тізімдер бойынша сайланатын Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабар
Дата публикации
24 марта 2023