Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылдық окргугі әкімі  сайлауының қорытындысы туралы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының

Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылдық окргугі әкімі

 сайлауының қорытындысы туралы

2022 жылғы 13 наурызда Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылдық окргугінің әкімін сайлауы өтті. 

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылдық окргугінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

Мойынқұм ауылдық окргугі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5856 азамат енгізілді, оның ішінде 4576 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 69, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 12.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бектаев Ж.Б. – 519; Мыңбаев М.Қ. – 3831; Сарбасов А.Н. – 145;

Мойынқұм ауылдық окргугінің әкімі болып Мыңбаев Махсат Қуанышұлы сайланды, 1980 жылы туылған, алдыңғы жұмыс орны: Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 14 наурыздағы шешімімен 2022 жылғы 13 наурызда сайланған Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылдық окргугінің әкімін тіркеді.

 

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме: 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/article/details/78285?lang=kk

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылдық окргугі әкімі  сайлауының қорытындысы туралы
Дата публикации
14 марта 2022