Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық окргугінің әкімі сайлауының қорытындысы туралы хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының

Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық окргугінің әкімі сайлауының қорытындысы туралы хабарламасы

2022 жылғы 20 ақпанда Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық окргугінің әкімін сайлауы өтті.

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық окргугінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

Шығанақ ауылдық окргугі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1480 азамат енгізілді, оның ішінде 1219 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 26, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 1.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Сабитов Т.Б. – 1045;  Кенетаев А.А. – 147; Шығанақ ауылдық окргугінің әкімі болып Сабитов Таңатар Боранбайұлы сайланды, 1963 жылы туған, алдыңғы жұмыс орны: Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мыңарал ауылдық округінің әкімі, Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 21 ақпандағы шешімімен 2022 жылғы 20 ақпанда сайланған Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық окргугінің әкімін тіркеді.

 

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/article/details/75885?directionId=14612&lang=kk

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық окргугінің әкімі сайлауының қорытындысы туралы хабарламасы
Дата публикации
21 февраля 2022