Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Меркі  ауданы Сарымолдаев  ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының

Меркі  ауданы Сарымолдаев  ауылдық округі әкімінің

сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

            2022 жылы 20 ақпанда Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

            Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізіміне 8110 азамат енгізілді, оның 4419-ы дауыс беруге қатысты.

Әкімге үміткерлер саны - 3 адам.

Өзін-өзі ұсыну жолымен  - 3 адам.  

         Сарымолдаев  сайлау округі

         Сарымолдаев  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 8110 азамат енгізілді, оның  4419-ы дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер саны – 82, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 38.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Бабижанов С. - 3656;  Балтабай Е.  - 217; Садырбаев Т. - 426.

         Сарымолдаев ауылдық округінің сайланған әкімі Бабижанов Сабит Абилгазиевич 1982 жылы туылған, Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі, өзін-өзі ұсынған, Сарымолдаев ауылдық округі, Сарымолдаев ауылында тұрады.

         Меркі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 21 ақпандағы шешімімен 2022 жылы  20 ақпанда сайланған Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округінің әкімін тіркеді.

Меркі аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме: 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/documents/details/271356?directionId=14512&lang=kk

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Меркі  ауданы Сарымолдаев  ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарламасы
Дата публикации
21 февраля 2022