Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Меркі және Т.Рысқұлов аудандарының ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының

Меркі және Т.Рысқұлов аудандарының ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

2021 жылғы 12 қыркүйекте  Т.Рысқұлов ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау 2 округ бойынша өтті.

Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

Ақбұлақ  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Әкімге үміткерлер саны-2 адам. Өзін-өзі ұсыну жолымен-2 адам.  

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2122 азамат енгізілді, оның ішінде 1847 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 79, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 29.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Кенжеғара С.Ж. – 1357; Жузбаев А.Р - 490;

Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Кенжеғара Сәбит Жұмағалиұлы сайланды, 1993 жылы туған, Көкдөнен ауылдық округінің бас маманы, Өрнек ауылдық округінің Әбжапар ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Луговой ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Әкімге үміткерлер саны - 3 адам.

«Nur Otan» партиясы - 1 адам,

Өзін-өзі ұсыну жолымен  - 2 адам.  

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 6406 азамат енгізілді, оның 5630-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 118, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 123.

«Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Кулманов А.А. – 372; Мырзабаева У.Ж. – 119; Сванов М.А. – 5139.

Луговой ауылдық округінің әкімі болып Сванов Муратбек Айтымбетұлы сайланды, 1967 жылы туған, Луговой ауылдық округінің әкімі, Құлан ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

         Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2021 жылғы 13 қыркүйектегі шешімімен 2021 жылы  12 қыркүйекте сайланған Т.Рысқұлов ауданы Ақбұлақ және Луговой ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/documents/details/211793?directionId=14525&lang=kk

         2021 жылы 12 қыркүйекте Меркі ауданында Рысқұлов ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

            Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізіміне 2257 азамат енгізілді, оның 2098-і дауыс беруге қатысты.

Әкімге үміткерлер саны - 3 адам.

«Nur Otan» партиясы - 1 адам,

«Ауыл»ХДПП -1 адам,

Өзін-өзі ұсыну жолымен  - 1 адам.  

         Рысқұлов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 2257 азамат енгізілді, оның 2098-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер саны – 84, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 29.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны: Жумабеков Ж. Е. - 59;  Кадиркулов М. Б. - 86; Ракишев А. Г. - 1840 .

         Рысқұлов ауылдық округінің сайланған әкімі Ракишев Абзал Горькийулы 1974 жылы туылған, «Қазпошта» АҚ ЖОФ Меркі аудандық пошта байланыс торабының басшысы, «Nur  Otan» партиясы ұсынған, Меркі ауылдық округі, Меркі ауылында тұрады.

         Меркі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2021 жылғы 13 қыркүйектегі шешімімен 2021 жылы  12 қыркүйекте сайланған Меркі ауданы Рысқұлов ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

Меркі аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме: 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/documents/details/211663?directionId=14512&lang=kk

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Меркі және Т.Рысқұлов аудандарының ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
13 сентября 2021