Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы

2021 жылғы 5 қыркүйекте Жамбыл облысы Қордай ауданының Бетқайнар ауылдық округі әкімі сайлауы өтті.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қордай ауданының Бетқайнар ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

Бетқайнар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі: Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3336 азамат енгізілді, оның ішінде 3108 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 102, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 15.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Абильдаев Б.Ж. – 228; Куттуков Б.Б. – 2621; Тельгазиева Э.М. – 142.

Бетқайнар ауылдық округінің әкімі болып Куттуков Бакытжан Бауыржанович сайланды, 1987 жылы туған, «Чайзат» шаруа қожалығы басшысының орынбасары, Бетқайнар ауылдық округінің Бетқайнар ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 5 қыркүйектегі шешімімен 2021 жылғы 5 қыркүйекте сайланған Қордай ауданының Бетқайнар ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

Қордай аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы
Дата публикации
06 сентября 2021