Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
obl.kense@zhambyl.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы
Жамбыл облысының әкімі
Общая информация, образование

1976 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің бакалавриатын «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша және сол университеттің магистратурасын «экономика» мамандығы бойынша, Қазіргі гуманитарлық институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Карьера

Еңбек жолын 1998 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде бас маман болып бастаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ қаржы департаментінің директоры – Басқарма мүшесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жиынтық-талдау департаментінің директоры, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ басқарушы директоры – Басқарма мүшесі, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы, «Республикалық бюджеттің атқарылуын  бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, «ҚБТУ мұнай-газ инженериясы және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС бас директоры, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы, «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары,  Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметтерін атқарған.

2021 жылдың қыркүйегінен бастап 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымында қызмет атқарды.

2023 жылғы 5 қыркүйектен бастап Жамбыл облысының әкімі.

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы