«Елге сәлем»

«Елге сәлем»

 

Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, «Халық қаhарманы» Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметованың 80 жылдық мерейтойы аясында Талапты ауылында «Елге сәлем» атты ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті.

Аудан әкімі Жалғас Мұртаза мен жазушы, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметова Бауыржан Момышұлын бір минут үнсіздікпен еске алып, ерлігіне құрмет көрсетіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Кездесу барысында Зейнеп Ахметова ауыл халқымен кездесіп, ұлттық құндылықтар, отбасылық тәрбие, салт-дәстүр төңірегінде сыр шертіп, жастарға тағылымды ойын жеткізді.