Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, «Халық қаhарманы» Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметованың 80 жылдық мерейтойы аясында Нұрлыкент ауылында «Елге сәлем» атты ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Зейнеп Ахметова ауыл халқымен кездесіп, ұлттық құндылықтар, отбасылық тәрбие, салт-дәстүр төңірегінде сыр шертіп, жастарға тағылымды ойын жеткізді.