🔰ТАБЫСТЫ ТҮЛЕКТЕР ЖӘНЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

🔰ТАБЫСТЫ ТҮЛЕКТЕР ЖӘНЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

 

🔰2025 жылдың 2 сәуір күні №16 Жуалы колледжінде жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал еңбек, адал табыс» атты салтанатты кеш өткізілді. Аталмыш кездесуге колледждің әр салада еңбек етіп жүрген түлектері Н.Атаниязов, Е.Смагулов, Д.Сейілбек және де тарихи өлкетану музейінің директоры, ардагер-ұстаз Д.Байдалиев, колледж директоры М.Иманбаев, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Н.Төрен қатысты. Шара барысында студенттер өздерінің сұрақтарын қою арқылы көптеген жауаптар алды.
Сондай-ақ, ардагерлер, түлектер колледждің тыныс-тіршілігімен де танысты.
Іс-шара барысында түлектер және ұстаз ардагерлері еңбек жолдарындағы қызықты сәттерімен бөлісті. Дәнекерлеуші мамандығының түлектері Н. Атаниязов пен Е.Смагулов, электромонтер мамандығының түлегі Д.Сейілбек сонау шет мемлекеттердегі еңбек жолдарын студенттерге насихаттады. Табысқа жетудің бірден-бір тетігі-ол қажырлы еңбек пен білім екенін жеткізе білді. Іс-шара соңында түлектер студенттерге шеберханада шеберлік іс тәжірибесімен бөлісті.
Кездесудің мақсаты: жастарға еңбек жолын көрсету – жас буынға өз мамандықтарына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, еңбекқорлықты бағалау және еңбек жолында табысқа жету жолдарын көрсету.