Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы «Дмитрий Пахомов-1 тұйығы,
Дмитрий Пахомов-2 тұйығы, Достық-2 көшесі және Абай тұйығы» көшесінің тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасы
№1
Бауыржан Момышұлы
17 ақпан 2025 жыл
Жиналыс төрағасы – Бауыржан Момышұлы ауылының әкімі: Р.Кусембаев
Хатшы – Бауыржан Момышұлы ауылы аппаратының бас маманы: А.Жұматай
Қатысқандар:
1.Бауыржан Момышұлы ауылының көше тұрғындары 61 адам (тізім қоса тіркелді)
Күн тәртібінде:
Бауыржан Момышұлы ауылындағы Д. Пахомов -1 тұйық, Д.Пахомов- 2 тұйық, Достық-2 көшесі және Абай тұйығы көшелеріне қайта атау беру туралы.
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауыл әкімі Р.Кусембаев сөз сөйледі.
Р.Кусембаев: Құрметті ауыл тұрғындары! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісінің тапсырмасына сәйкес ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, қоғамда қайшы пікір тудырмайтын әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жол картасы әзірленген болатын. Аталған жол картасында Бауыржан Момышұлы ауылындағы Дмитрий Пахомов-1тұйығы ,
Дмитрий Пахомов -2 тұйығы , Достық-2 көшесі және Абай тұйығы» көшелері Республикалық ономастика комиссиясы ортақ тарихи сананы қалыптастыру мақсатында бекіткен «697 Тарихи тұлғалар», «502 Тарихи жер-су атаулары» және «298 Дәстүрлі атаулар» тізімдерді басшылыққа ала отырып, Д.Пахомов-1 тұйығы «Тұмар», Д.Пахомов-2 тұйығы «Ықылас», Достық-2 -«Баянды» және Абай тұйығы- «Ұлытау» деген жер-су атауы ұсынылып отыр. Ендігі кезекте осы атау бойынша пікірлеріңізді естісек, кімнің қайдай пікіндігі кезекте осы атау бойынша пікірлеріңізді естісек, кімнің қайдай пікірі бар, айтыңыздар.
Достық-2 көшесінің тұрғыны Т.Есаналиев: Менің айтарым көшеге атау беруге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Бұл өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп есептеймін. Жоғарыда аталған мемлекеттік Жол картасында ұсынылған «Баянды» атауын қолдаймын және сіздерді де осы атауды қолдауға шақырамын.
Д. Пахомова -2 переулок көшесінің тұрғыны Г.Султанова: Көшелерінің атауы өзгертілгені өте орынды. Дегенмен, атау өзгертілгеннен кейін құжаттарды қайта рәсімдеуге еш қиындық туындамаса, көше тұрғындарының барлығы келісімін береді.
Абай тұйығы көшесінің тұрғыны К.Нурходжаев: Көше тұрғындарының ұсынысын қолдай отырып, бұрылыстарға және қайталанып кеткен көшелерге жаңа жекеленген атау беруді дұрыс деп санаймын.
Ауыл әкімі Р.Кусембаев: Тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.
Қарсы: жоқ,
Қалыс: жоқ.
Қолдағандар саны 61 адам.
Жуалы ауданы Бауыржан момышұлы ауылы әкімдігі
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Жиналыс төрағасы: Р.Кусембаев
Жиналыс хатшысы: А.Жұматай