Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр

Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр

Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты ауыл-аймақтарда су тасқыны орын алуда. Еліміздің 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды.

Су тасқынымен күресуге спорт қауымдастығы белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың спорт саласындағы мамандары күндіз-түні жұмыс істеуде (қаржылай және материалдық көмек, мүлік, малды құтқару, бөгендер құру және т.с.с.).

Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген жағдайды ескере отырып 2024 жылғы 20 сәуір күні Тараз қаласында жоспарланған «Freedom QJ league» Қазақстан чемпионаты аясында «Тараз» бен «Астана» футбол клубтарының жасөспірімдер командалары арасындағы екінші маусымының ашылу матчы және осы матч аясындағы отандық эстрада жұлдыздарының концерті кейінге шегерілгенін хабарлайды.