Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10 сәуірінде өткен Жуалы ауданында жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренингтің пресс-релизі

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10 сәуірінде өткен Жуалы ауданында жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренингтің пресс-релизі

2024 жылғы 10 сәуірде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасында сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбы бойынша бір күндік семинар-тренинг жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелеріне арналды.

Семинарды Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып, қатысушыларды күн тәртібімен және семинар-тренинг бағдарламасымен таныстырды.

Дәріскерлер сайлау процесін ұйымдастыру, оның ішінде сайлау алдындағы үгіт, құқықтық және теориялық білімдерін ғана емес, сонымен қатар практикалық сабақтар дайындады. Оқытылған тақырыптарды меңгеру мақсатында дискуссиялар мен дебаттар ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Оқытудың нысандары мен әдістері – дәрістер, ми шабуылы, мінез-құлықты модельдеу, рөлдік ойындар.  Сондай-ақ аудандық сайлау комиссиясының тарапынан «Дауыс беру күні» іскерлік ойыны ұйымдастырылды.

Тыңдаушыларды тестілеу сайлау заңнамасын, сайлау процесін ұйымдастырудың құқықтық негіздерін білу деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді.

Оқыту ұзақтығы 8 академиялық сағатты құрады, бағдарлама учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің қызметін ескере отырып әзірленді және сайлауды ұйымдастырушылардың жаңа құрамының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталды.

Оқыту-семинарға жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссия мүшелері қатысты. Бір күндік оқыту-семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат берілді.

 

Жуалы аудандық сайлау комиссиясы