ТАЗА ӨЛКЕ

ТАЗА ӨЛКЕ

 

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталды. Экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді. Мәселен, бірінші апта «Таза өлке» деп аталады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзбен қарауға тиіс» – деген болатын.

Жуалы ауданында «Таза өлке» апталық акциясы аясында Шақпақ ауылдық округіне қарасты әр мекеме ауыл әкімішілігі бекітілген аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, ғимараттар мен саябақ, ойын алаңшаларында тазалық жұмыстарымен айналысты.

Сонымен қатар аудандық білім бөлімі қызметкерлері өз ғимараты аумағынан бастап, Жамбыл көшесі бойында тазалық жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күнге 8 тоннаға жуық күл-қоқыстар шығарылып,тазаланды.

Тазалық пен тәртіп – кез-келген аймақтың табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындардың мәдениеттілігінің өлшемі.