Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Аула клубы" КММ - 10жыл!

Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Аула клубы" КММ - 10жыл!

✔️Оқушылардың мектептен тыс уақытын тиімді пайдаланып, оқып жүрген пәндерін тереңдетіп оқытып, жан-жақты дамытып, бейімін жетілдіріп отырған - Аула клубына 10 жыл!
✔️2013 жылы құқықбұзушылықтың алдын алу, суицидті болдырмау, бос уақытын тиімді пайдалану бойынша ашылған "Аула клубы" 250 үйірме қатысушысымен жұмысын бастаған, қазіргі күні, 2023 жылы қатысушылар саны 3000 оқушыға толығып отыр. Ауқымы кеңейіп, Нұрлыкент, Дихан ауылдарынан 2 филиалы ашылған. Аула клубында 7 бағыт бойынша 22 үйірме жұмыс жасайды. Ауданымыздағы 11мың баланың 30% аула клубы үйірмесіне қатысады. Аула клубы 10 жылда 28 халықаралық, 67 республикалық, 64 облыстық, 48 аудандық байқаулардың белестерін бағындырған. ✔️Кеш "Атамекен" әнімен шымылдығын ашты. Өнерпаз ұл-қыздардың шығармашылық концертінде ән-жыр орындалып, биден шашу шашылып, өнерлері тамашаланды. ✔️Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Ахметова Анар Садыққызы, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Тәрбие және қосымша білім беру" бөлімінің басшысы Дарібаева Гулзира Лесбайқызы, Мектеп олимпиадаларының және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың директоры Ертуганова Балдай Туленқызы, Жуалы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Айжанов Мәжит Мамытұлы құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. ✔️Гүлзира Лесбайқызы "Аула клубы" ұжымын Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Алғыс хатымен марапаттады. Балдай Туленқызы мониторинг көрсеткіші бойынша "Ең үздік қосымша білім беру орталығы" ретінде Алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады. Аула клубының ұстаздарына Құрмет грамотасы берілді. Кәсіподақ төрағасы Мәжит Мамытұлы 30 мыңдық сертификат сыйға тартты. Аудан әкімінің орынбасары Ахметова Анар Садыққызы "Аула клубы" ұжымына, басшысы Қаңтарбаева Ақбота Мейірбекқызына аудан әкімі Мұртаза Жалғас Әлижанұлының Алғыс хатын, көркемөнерпаздарға аудан әкімінің ықылас гүлін табыстады.