ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АУЫСТЫРУ

ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АУЫСТЫРУ

Жүргізуші куәлігіңіздің мерзімі аяқталып қалды ма? Келесі нұсқаулық бойынша әрекет етсеңіз чектің көшірмесін, нарко- және псих-диспансерлердің анықтамасын, басқа да құжаттарды жинап, автоХҚО-ға барып әуре болмайсыз.

1. Еgov.kz порталында кіріп, «Көлік және коммуникациялар» бөлімінен өзіңізге қажетті «Жүргізуші куәліктерін беру» опциясын таңдаңыз және онлайн тапсырыс беріңіз;
2. Егер айыппұлдарыңыз болса, алдын ала төлеп қойыңыз;
3. Дайын құжатты алып кетуге ыңғайлы автоХҚО-ны таңдаңыз;
4. Қан тобыңызды көрсетіңіз;
5. Белгілі үлгіде түсірілген фотоңызды жүктеңіз;
6. Ақ қағазға қол қойып, қолтаңбаның фотосын жүктеңіз;
7. Куәлігіңізде, мысалы көзілдірік секілді ерекше белгілер болса көрсетіңіз. Телефон нөміріңізді жазып, өтінішке ЭЦП арқылы қол қойыңыз;
8. 1,25 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеңіз;
9. Құжаттың дайн болғаны туралы sms келген соң, автоХҚО-ға барып алып кетесіз.

Жеке куәлік және ескі жүргізуші куәлігіңізді ұмытпаңыз.

 

 

Жоғарыда аталған құжаттар үшін баж салығын кассаға жүгінбей-ақ, банк қосымшасының (әзірше тек Kaspi мен Halyk Homebank) QR сервисін пайдалана отырып төлеуге болады. Қазақстандықтар сервис іске қосылғалы бері, бір жыл ішінде QR көмегімен мемлекеттік қызметтер үшін 700 мыңнан астам рет төледі. Қазір QR код арқылы 146 мемлекеттік қызметтің баж алымын төлеуге болады. Болашақта бұл тізім толыға түспек.
ХҚО операторы ұсынған QR код арқылы қызмет ақысын төлеп көрдіңіз бе?