Кездесуде мемлекеттік қызметшілерге керек қасиеттер кеңінен айтылды

Кездесуде мемлекеттік қызметшілерге керек қасиеттер кеңінен айтылды

Кездесуде мемлекеттік қызметшілерге керек қасиеттер кеңінен айтылды.

 

Бүгін Жуалы ауданына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы                                              Уразбекова Зарина Ерсаиынқызы және Смагулова Гүлназ Шыңғысқызының қатысумен түрлі іс шаралар  өтті.

Алдымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында өзге ұлт өкілдерімен кездесу болды. Кездесуге аудандағы шешен, славян, әзербайжан, өзбек этномәдени  орталықтарының жетекшілері мен мүшелері қатысты. Кездесуді аудан әкімі аппаратының басшысы Қойбақов Серік Дүйсенбайұлы ашып, сөз кезегін  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Смагулова Гүлназ Шыңғысқызына берді. Гүлназ Шыңғысқызы жоспарға сай барлық аудандарда түрлі ұлт өкілдерімен көшпелі кездесулер өткізіп жүргендерін және оның себептерін түсіндіріп өтті.

2020 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшiлер қатарына өзге ұлт өкілдерін де тарту туралы тапсырма берген болатын. Президент тапсырмасына сәйкес аудандарды аралап, өзге ұлт өкілдерімен кездесіп, мемлекеттік қызметтің оң жақтарын, мемлекеттік қызметке орналасу жолдарын толықтай түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

Келесi кездесу аудандағы мемлекеттiк қызметшiлермен өтті. Кездесуге аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен мамандары және ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары катысты. Кездесудің мақсаты мемлекеттік кызметшiлерге жалақы төлеудiң жаңа жүйесі факторлық балдық шкала туралы түсіндіру. Гүлназ Шыңғысқызы факторлық-балдық шкала мемлекеттiк қызметкердiң жұмысының көлемі мен қиындығына байланысты төленетiндiгiн түсiндiре келіп, мемлекеттiк қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Аталған департаменттiң бас маманы Уразбекова Зарина Ерсаиынқызы ауыл әкіміне үміткерлерге койылатын жаңа талаптар туралы түсіндірді.

Жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Қойбақов Серік Дүйсенбайұлы мемлекеттік қызмет-абыройлы міндет, сондықтан мемлекеттік қызметшіге қойылар басты талап жұмыстың сапасы екенін баса айтып, жиынды қорытындылады.

Іс-шара түстен кейiн №1 мектеп гимназиясы мектеп оқушыларымен кездесумен жалғасын тапты. Кездесуде Гүлназ Шыңғысқызы мемлекеттік қызметшінің ерекшелiктерi туралы айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап бердi.

Дәл осындай кездесу №16 Жуалы колледжінің білімгерлерімен де өтті. Білімгерлерге де мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, қалай іріктеуден өтетіндігін туралы түсіндірді. Білімгерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Аудандық мәдениет үйiнде Уразбекова Зарина Ерсаиынқызының қатысуымен бос жұмыс орындарының жәрменкесі өтті. Бос жұмыс орындарының жәрменкесі барысында Зарина Ерсаиынқызы жұмыс іздеушілерге өз ой-пікірімен бөлiсiп, мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаларды түсіндірді. Жәрмеңкеге келушілер осы іс шараның ұйымдастырылғандығына алғыстарын білдірді.