"Ақ босаға" келіндер сайысы өткізілді

"Ақ босаға" келіндер сайысы өткізілді

⚜  "Ақ босаға" келіндер сайысы өткізілді

 

Жуалы аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ және "Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы" мекемелерінің  ұйымдастыруымен "Жас келіндер" клубының жұмысын жандандыру мақсатында сонымен қатар жас келіндерді ұлттық рухта тәрбиелеу, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, отбасының бірлігін сақтауға және инабаттылыққа шақыру мақсатында "Ақ босаға" атты аудандық келіндер сайысы өткізілді.

 

⚜️ Қазақы тән қасиетпен бойларына дарыған инабаттылықты көрсете отырып, өлеңдете сөз саптаған сайысқа қатысушылар "Тегін білу тектілік" атты І кезеңде өздерін таныстырды.

⚜️ "Ана әлдиі" атты ІІ кезеңде жас нәрестені бесікке салу дәстүрі бойынша қысқаша сахналық қойылым көрсетті.

⚜️ Салт-дәстүрлер туралы сұрақтар жасырылған және мақал мәтелдерді жалғастыру бойынша билеттер алып жауап берген сайыс қатысушылары "Сыр сандық" деп аталатын ІІІ кезеңді артқа қалдырды.

⚜️ Бірі тәтті тағам, бірі қолөнер туындыларын үйден жартылай жасап алып келіп әділ қазы алқалары алдында жалғастырған сайыс қатысушылары "Алтын оймақ" деп аталатын байқаудың қорытынды кезеңінде барларын салды.

📝 Әділ қазы алқалары:

- Көп балалы батыр ана - Айымбетова Ранай;

- "Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы" КММ жастармен жұмыс секторының меңгерушісі - Каттебекова Назипа;

- Жуалы аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы - Малибекова Нурила;

- "Жаңа өмір - Новая Жизнь" газетінің корректоры - Баян Оразбаева;

-" Жастар ресурстық орталығы" КММ инспектор психологы - Ерғалиқызы Жадыра.

☑️ Әділ қазы алқаларының шешімімен:

БАС ЖҮЛДЕ "ЕҢ ҮЗДІК КЕЛІН" номинациясымен сайыстың жеңімпазы болып Ералиева Дильяра марапатталды.

І орын - Жомарт Айгүл

ІІ орын - Муталиева Сандуғаш

ІІІ орын - Құдабаева Айгүл

"Өнерлі келін" номинациясы - Айтжан Анар

"Қонақжай келін" номинациясы - Ақжол Аяна

 

🎉Жүлделі орын иегерлері мен барлық қатысушыларға ұйымдастырушылардың атынан алғыс хаттар және дипломдармен қатар ынталандыру сыйлықтары табысталды.