
Жеке басты куәландыратын құжатты оның қолданыс мерзіміне қарамастан ауыстыру қажет болатын жағдайлар болады. Мысалы, некеге тұру немесе некені бұзу кезінде, сондай-ақ, ұлт дәстүрлеріне байланысты жеке куәлікті ауыстыру.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске сәйкес некеге тұрған немесе некені бұзған кезде некеге тұру немесе некені бұзу туралы куәлікті алған сәттен бастап 30 күн ішінде жеке куәлікті ауыстыру қажет. егер Сіз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) көрсетілген мерзімнен кеш жүгінсеңіз, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Заңына сәйкес, Сіз әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз (7 АЕК мөлшеріндегі айыппұл)
Төменде жеке куәлікті ауыстыру үшін тұрақты тіркелген жері немесе нақты тұратын жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) ұсынылатын құжаттар тізбесі келтірілген:
Некені қиған немесе бұзған кезде таңдалған тегі некені қию (бұзу) туралы куәліктегі жазбаға сәйкес көрсетіледі.
«Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923 Жарлығына сәйкес, ұлты қазақ адамдар, қалайтын тегін, әкесінің атын мемлекеттік немесе орыс тілінде көрсетіп, еркін нысандағы өтінішпен жүгіне алады. Бұл ретте, тектерінде қазақ тіліне жат «-ов, -ова», «-ев, ева», «-ин, -ина» жұрнақтар алып тасталып, тегі мен әкесінің атының түбірік негіздері сақталып, бір уақытта әкесінің атын жазғанда олардың орнына жынысына қарай «ұлы», «қызы» жалғаулары бірге қосылып жазылады.
Өтінішке мынадай құжаттардың біреуі қоса тіркеледі:
Тектері мен әкесінің атының жазылуы қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлеріне сәйкес өзгертілген ұлты қазақ адамдар өтініш білдірген жағдайда, паспорттар мен жеке куәліктерді олардың бұрынғы тектері мен әкелерінің аттарын ұсынылған туу туралы куәліктерге сәйкес бұрынғыдай жаза отырып ресімдеуге болады.
Туу туралы актілік жазбаға өзгерістерді енгізе отырып, өз айқындама деректерін өзгерткен адамдар тұрақты тіркелген жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) мынадай құжаттарды ұсынады:
Жеке куәлікті және паспортты ауыстыру процессі 15 жұмыс күн алады, бірақ азаматтың қалауы бойынша қызмет жедел көрсетілуі мүмкін: Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында 1 және 3 жұмыс күн, облыс орталықтарында 3 және 5 жұмыс күн, облыстардың аудандары мен қалалары үшін 7 жұмыс күн мерзімінде.
Жуалы аудандық
Халыққа қызмет көрсету бөлімі