
Жастық шақ — үлкен мүмкіндіктер мен болашақтың іргетасы қаланатын маңызды кезең. Осы орайда, аудан әкімдігі жанындағы жұмысшы топ Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларымен еркін форматта жүздесті.
Кездесуде талқыланған өзекті мәселелер:
🔹 Құқықтық сауаттылық: Заңды білу — өзіңді қорғау және жауапкершілік.
🔹 Тайм-менеджмент: Уақытты басқару — табысқа жетудің басты құралы.
🔹 Дұрыс тамақтану: Дені сау ұрпақ — мықты мемлекеттің негізі.
Аудан әкімінің орынбасары Анар Садыққызы Ахметова оқушылармен ашық диалог құрып, әр сәттің құндылығы мен тұлғалық жауапкершілік туралы ойларымен бөлісті. Жанды пікірталас барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап алды.