Табиғатқа қамқорлық – болашаққа аманат!

Табиғатқа қамқорлық – болашаққа аманат!

Ақтөбе ауылдық округінде көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді. Ағаш егу шарасына аудан әкімінің орынбасары Қайрат Жатқанбаев қатысып, игі бастамаға қолдау көрсетті.

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі ұйымдастырған шара барысында округ аумағына терек көшеттері отырғызылды.

Жалпы, 27-28 наурыз күндері аудан бойынша 1000-нан астам тал егілді. Бұл – өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және келешек ұрпаққа жасыл орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Әр отырғызылған тал – ертеңгі таза ауа мен көркем табиғаттың кепілі!