
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел – сұлулықтың әуені» атты мерекелік салтанатты шара және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Шара барысында аналар мен аруларға құрмет көрсетіліп, олардың қоғамдағы, отбасыдағы ерекше орны туралы жылы лебіздер айтылды. Мерекелік кеште өнерпаздар әсем әндер шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.