Аудан әкімінің халықпен кезекті кездесуі Шақпақ ауылдық округінде өтті

Аудан әкімінің халықпен кезекті кездесуі Шақпақ ауылдық округінде өтті

Аудан әкімі тұрғындармен кездесіп, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым және өзекті мәселелер талқыланды. Жиын барысында Шақпақ ауылдық округінің әкімі Нұрбақыт Балтабаев атқарылған жұмыстар туралы жан-жақты баяндама жасады.
Демеушілік есебінен жүзеге асқан игі істер:
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі бойында Шақпақата ауылына бұрылатын жол тұсына округ атауы жазылған еңселі стелла орнатылды;
2005 жылғы мектеп түлектерінің демеушілігімен орталық мешітке заманауи тазалық орны салынды, ауласы абаттандырылып, асханаға жөндеу жұмыстары жүргізілді;
50 жылдық түлектер орталық мешіт ауласына 20 түп шырша отырғызды;
«Туған жерге тарту» жобасы аясында Т.Дүйсебайұлы ауылында жаңа балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.
Жылдық жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстар:
«Таза Қазақстан» жобасы аясында Шақпақата ауылының кіреберісінде 1,1 гектар “Жасыл белдеу” жасалды;
Ардагерлерге арналған монументтер жаңартылды;
Шақпақата ауылында 1,9 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынды;
Заманауи кіші футбол алаңы пайдалануға берілді;
Ойын алаңдарының қоршаулары жаңартылып, түнгі жарық шамдары орнатылды;
Т.Дүйсебайұлы ауылындағы көшелер толық асфальтталды;
Бірқатар ауылдарда көше жарықтандыру жұмыстары жүргізілді;
Елді мекендерге жоғары жылдамдықты интернет тартылуда;
Ауыл аумағында тазалық жұмыстары атқарылды;
Қыс мезгілінде қар тазалау жұмыстары жүйелі жүргізілді.
Кездесу барысында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Аудан әкімі көтерілген мәселелер бақылауда болатынын және заң аясында тиісті жұмыстар атқарылатынын атап өтті.