
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес аудан әкімі Жалғас Мұртаза Қарасаз ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті.
Кездесу барысында округ әкімі Жанар Нұрмұратқызы 2025 жылы атқарылған жұмыстарды көпшілік назарына ұсынды.
Округте жүзеге асқан игі істер:
Қарасаз ауылында Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгерлерге арналған ескерткішке жөндеу жұмыстары жүргізілді;
Ақбастау ауылында Қойгелді көшесінен мектепке дейінгі жаяу жүргіншілер жолы салынды;
Қарасу ауылындағы 700 метрлік канал тазаланып, су өткізу қабілеті жақсартылды;
Ауылішілік жолдарды күтіп ұстау және ойылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.