
Қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы бірлескен түнгі рейд!
2026 жылдың 15 қаңтар күні Б.Момышұлы ауылында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен аудандық полиция бөлімі бірлесіп түнгі рейдтік іс-шара жүргізді.
Рейд барысында ойын-сауық орындары, кафе, барлар және өзге де қоғамдық орындар араланып, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңсыз жүру фактілерінің алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара нәтижесінде жастарға заң талаптары түсіндіріліп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар атқарылды.