
Аталған жарысқа Тараз қаласы мен көршілес аудандардан 200-ден астам жас спортшы қатысып, өзара шеберліктерін сынады. Турнир 2015–2016 және 2017–2018 жылдары туған жас ерекшеліктері бойынша ұйымдастырылды.
Тартысты белдесулер барысында жас балуандардың қайсарлығы мен жеңіске деген жігері айқын көрініс тапты. Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан спортшылар дипломдармен және медальдармен марапатталды.