Мемлекеттік қызметтердің цифрландырылуын дамыту жәнеазаматтар үшін қолжетімділігін арттыру мақсатында «Азаматтарғаарналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильдіқосымшасына «Сенімхат рәсімдеу» жаңа цифрлық сервисін енгізді.
Аталған сервис мамандандырылған ХҚКО-ларда мемлекеттік қызметалу үшін электронды сенімхаттарды азаматтарға онлайн форматта рәсімдеугемүмкіндік береді. Атап айтқанда, дайын құжаттарды алу, көлік құралдарынтіркеу және есептен шығару, көлік құралының техникалық паспорты мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін ауыстыру немесе олардың телнұсқасыналу қызметтері. Қызмет көрсету үдерісі толықтай онлайн жүзеге асырыладыжәне бар болғаны бірнеше минутты алады. Сенімхат электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады, бұл құжаттың заңды күшін қамтамасыз етіп, дербес деректердің қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етеді.
«Бұл сервистің іске қосылуы мемлекеттік қызметтердің цифрлық экожүйесін дамытудағы маңызды қадам болды. Азаматтар үшін қажетті құжаттарды алу процесін жылдам, қауіпсіз әрі ыңғайлы етіп, алаяқтық әрекеттер мен үшінші тұлғалардың араласу қаупін төмендетеді», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Электронды сенімхатты қолдану үшінші тұлғаларға құжаттарды беру қажеттілігін жояды және заңсыз әрекеттердің алдын алуға ықпал етеді. Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен тікелей өзара байланыс деректердің дұрыстығын, өзектілігін және автоматты түрде тексерілуін қамтамасыз етеді.
Сервисті пайдалану үшін «ЦОН» мобильді қосымшасында ЖСН және телефон нөмірі арқылы авторизациядан өту қажет. Қосымша App Store және Google Play платформаларында қолжетімді.
Қызмет құны – бір сенімхатты рәсімдеу үшін 500 теңге.
Аталған цифрлық сервистің енгізілуі Қазақстан Республикасы азаматтары үшін мемлекеттік қызметтердің қолайлылығы мен қауіпсіздігін одан әрі арттырады.