Аудандық мәдениет үйінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында желтоқсаншылармен тағылымды кездесу өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары А.Ахметова қатысып, бұл мереке береке мен бірліктің, әрбір азаматтың туған өлкесіне деген шексіз сүйіспеншілігі мен адал еңбегінің айқын нышаны екенін жеткізді. Сондай-ақ, Тәуелсіздік пен елдігіміздің негізінде Желтоқсан оқиғасына қатысқан жастардың ерлігі жатқанын атап өтті.

Бүгінде ауданда Желтоқсан оқиғасына қатысқан 21 ардагер тұрады. Олар сол бір сындарлы кезеңде ғана емес, қазіргі уақытта да түрлі салада еңбек етіп, қоғамның дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Кездесу барысында патриоттық әндер шырқалып, мазмұнды әдеби-композициялық қойылымдар ұсынылды. Сонымен қатар, ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегі мен қоғамдық өмірге қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар марапатталды.

Тағылымды шара жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік сезімін нығайтуға, «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» қағидаттарына негізделді.