
Отырыста 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекелері қарсаңында аудан аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздік шараларын күшейту мәселелері қаралды.
Күн тәртібінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қолайсыз ауа райы жағдайына дайындық, қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстау, табиғи газ нысандарында және арнайы мекемелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар су айдындарын патрульдеу, Теріс-Ащыбұлақ пен Билікөл аумағында балық аулауға бақылау жасау, азық-түлік бағасының тұрақтылығы, қыстақта отырған малшылардың жағдайы, сондай-ақ шекара маңындағы контрабанда мен мал ұрлығының алдын алу бағытындағы жұмыстар басты назарға алынды.
Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасарларына және тиісті мекеме, бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.