Аудан әкімінің орынбасары А.Ахметованың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі екінші кеңес отырысы өтті.

Күн тәртібінде алты мәселе қаралып, бірқатар бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар бойынша есептер тыңдалды.

Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу, қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің 11 айлық жұмысы, Қызыларық ауылдық округіндегі мемлекеттік жастар саясатының орындалуы, жастардың репродуктивті денсаулығын нығайту және аудан көлемінде жастар саясатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар қаралды. Сонымен қатар жастар ісі жөніндегі кеңестің жұмыс жоспары бекітілді.

Баяндамалар назарға алынып, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, Мансап орталығымен бірлесе отырып бос жұмыс орындарын және тұрғын үй бағдарламаларын кеңінен насихаттау, NEET санатындағы жастардың үлесін азайту, ауыл жастарының нақты дерекқорын қалыптастыру, жастардың қызығушылығы мен белсенділігіне қарай жүйелі жұмыс жүргізу міндеттелді.

Сонымен бірге спортшы жастарды қолдау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жастар арасында профилактикалық және рейдтік шараларды тұрақты жүргізу мәселелері талқыланып, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берілді.