
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі аясында және Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Құрманбек Сағындықовтың 115 жылдығына орай жасөспірімдер арасында баскетболдан аудандық ашық турнир №4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектепте өтті.
Жарыс Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Ғ.Бажиев құттықтау сөз сөйледі. Турнирдің бас төрешісі Н.Бердимбетов спортшыларға сәттілік тілеп, жарысты ресми түрде бастады.
🏆 Жарыс нәтижесі:
1 орын – Қ.Сағындықов командасы
2 орын – Шақпақбаба командасы
3 орын – Шақпақбаба (2) командасы
Үздік ойыншылар:
– Құрбанәлі Арсен
– Көпжасаров Мансур
– Мұратбек Мухамедияр