АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Айдос Асабаевтың төрағалығымен өткен кеңес отырысында ауданның күздік маусымда төтенше жағдайлардың алдын алу және аудан орталығындағы жолдардың ахуалы, жол қауіпсіздігіін қамтамасыз ету, қысқы маусымға дайындық жұмыстары қаралды.

Сонымен қатар кеңес барысында жол қауіпсіздігі мен қысқы маусымға дайындыққа қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, камералар мен муляждардың орнатылуын жетілдіру, жол белгілерін жаңарту, сигнал беру жүйесінің тиімділігін арттыру, қысқы техникалардың дайындығын күшейту және жарамсыз техникаларды уақытылы ауыстыру жөнінде ұсыныстар ортаға салынды.

Осы бағыттар бойынша аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Асабаев тиісті сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне көтерілген ұсыныстарды уақытылы жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.