АРДАГЕРГЕ КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ

АРДАГЕРГЕ КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ

Жуалы ауданында көп жылдар бойы аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып, туған өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан Құниязов Рақымғазы Нұрғазыұлына арналған құрмет шарасы өтті.
Іс-шара аясында Жамбыл облысы ардагерлері арасында волейболдан аудандық ашық турнир ұйымдастырылды. Додаға Меркі, Талас, Жамбыл, Байзақ, Жуалы аудандары және Қырғыз Республикасынан келген командалар қатысты.
Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Қайрат Жатқанбаев ардагердің ауылшаруашылық саласын дамытудағы еңбегін атап өтті. Жарыс нәтижесінде I орын – Қырғыз Республикасының командасына, II орын – Меркі ауданына, III орын – Жуалы ауданының командасына бұйырды.
Турнир соңында жеңімпаздар марапатталып, Рақымғазы Нұрғазыұлына қазақы дәстүрмен шапан жабылды. Ардагер барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, спорттың бірлік пен достықты нығайтудағы рөлін атап өтті.