ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕҢСЕСІ БИІК

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕҢСЕСІ БИІК

Ауданда Республика күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан!» атты салтанатты мерекелік шара өтті

Мереке мемлекеттік Әнұранмен басталып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде енгізілді.

Іс-шараның алғы сөзі аудан әкімі Жалғас Мұртазаға беріліп, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, бірқатар сала қызметкерлерін мерекелік марапаттармен салтанатты түрде марапаттады.

Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Зиядхан Бүрлібаев та өз атынан құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар қызметкерлерге марапаттар табыстады.

Шара соңы елдік пен бірлікті ұлықтаған мерекелік концертке ұласты.