ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында және күзгі екі айлық абаттандыру, санитарлық тазарту жұмыстары аясында ағымдағы жылдың 11 қазанында аудан аумағында жалпы сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудан әкімі Жалғас Мұртаза бастаған мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен жастар белсенді қатысты.

Негізгі сенбілік жұмыстары аудан орталығы Б.Момышұлы ауылындағы «Жасай бер, Қазақстан!» саябағында өткізілді. Сонымен қатар, ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде де тазалық шаралары ұйымдастырылып, көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ ағаштар мен гүлзарлар ретке келтіріліп, әктеу жұмыстары жүргізілді.

Ауданның тазалығы мен көркін арттыруға белсенді түрде үлес қосуға шақырамыз!