9 қазан – Пошта күні

9 қазан – Пошта күні

Пошта күніне орай аудан әкімі Жалғас Мұртаза пошта саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Құттықтау барысында аудан басшысы пошта қызметкерлерінің қоғамдағы маңызын атап өтіп, тұрғындарға үздіксіз байланыс пен сапалы қызмет көрсетудегі еңбектеріне ризашылық білдірді.

Осы мереке аясында бірқатар сала мамандары аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталды.

Құрмет грамотасымен Жуалы аудандық пошта байланыс торабының хат тасымалдаушысы Надежда Бурина марапатталса, Алғыс хатпен Қарасаз ауылдық пошта байланыс торабының меңгерушісі Қарлығаш Нартаева, аудандық пошта байланыс торабының инкассаторы Әлімхан Өмірсеитов, аудандық пошта байланыс торабы басшысының орынбасары Алуа Мамаева және аудандық пошта байланыс торабының операторы Әсел Тәукебаева марапатталды.