Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының
№ 6 ХАТТАМАСЫ
Бауыржан Момышұлы ауылы 29 тамыз2025 жыл
Сағат:10:00
Жиналыс төрағасы: Р.Кусембаев – Бауыржан Момышұлы ауылының әкімі.
Жиналыс хатшысы: М.Орымбаев – Бауыржан Момышұлы ауылы әкімінің орынбасары
Жиналысқа қатысқандар: Жергілікті қоғамдастық мүшелері – 32 адам.
Күн тәртібінде:
Бауыржан Момышұлы ауылындағы жаңа көшеге Әміркул Айтқұлов көшесі деп атау беру туралы.
Тыңдалды: Р. Кусембаев – Бауыржан Момышұлы ауылының әкімі: «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес Бауыржан Момышұлы ауылындағы жаңа көшеге Әмірқұл Айтқұлов көшесі деп атау беру туралы түскен ұсыныс бойынша халықтың пікірін ескеруге жиналып отырмыз. Өз ой-пікірлеріңізді ортаға салуды сұраймын.
Сөйлеген: К.Дәуренов – жергілікті қоғамдастық мүшесі: Бауыржан Момышұлы ауылындағы жаңа көшеге Әмірқұл Айтқұловтың есімін беру орынды. Жеңістің 80 жылдығы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімін ұлықтау – ұрпаққа өнеге, елге рух береді. Бұл ұрпақ тәрбиесінде мәні зор, елдің рухын көтеретін іс деп санаймын.
Сөйлегендер: Ш.Искаков, А.Мажитов – жергілікті қоғамдастық мүшелері: Бауыржан Момышұлы ауылындағы жаңа көшеге Әмірқұл Айтқұлов көшесі деп атау беру туралы ұсынысты қолдаймыз, сондай-ақ көше атауын беру кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру керек деп есептейміз.
Сөйлеген: Б.Төрехан – жергілікті қоғамдастық мүшесі: менің айтарым, жаңа көше атау беруге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес Ұлы жеңістің 80 жылдығы аясында Ұлы Отан соғысының батырларының есімдерін ұлықтау өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп есептеймін. Ономастикалық атауларды ретке келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды мен жан-жақты қолдаймын.
Сөйлеген: Р.Кусембаев – Бауыржан Момышұлы ауылының әкімі: Бауыржан Момышұлы ауылындағы жаңа алқабындағы жаңа көшеге Әмірқұл Айтқұлов көшесі деп атау беру бойынша тиісті халықтың пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа саламыз.
Қолдағандар: 32 адам
Қарсы болғандар: жоқ
Қалыс қалғандар: жоқ
Ауыл әкімі ашық дауыс беру қортындысы бойынша Бауыржан Момышұлы ауылындағы жаңа көшеге Әмірқұл Айтқұлов көшесі деп атау беру туралы ұсыныс жергілікті қоғамдастық мүшелерінің көпшілік дауыстарымен қолдау тапқандығын жариялады.
ЖИНАЛЫС ШЕШІМІ:
Жиналыс төрағасы Р.Кусембаев
Жиналыс хатшысы М.Орымбаев