Жуалы ауданы Ақсай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшелерімен өткен жиналыстың № 2 ХАТТАМАСЫ

Жуалы ауданы Ақсай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшелерімен өткен жиналыстың  № 2 ХАТТАМАСЫ

Жуалы ауданы Ақсай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшелерімен өткен жиналыстың

№ 2 ХАТТАМАСЫ

 

 

Қайрат ауылы                                                                        08 қыркүйек 2025 жыл                                                                                        

                                                                                                                  Сағат:10:00

 

Жиналыс төрағасы: М. Мәтен – Ақсай ауылдық округінің әкімі.

Жиналыс хатшысы: С. Шырынбай – Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: Жергілікті қоғамдастық мүшелері – 12 адам.

 

Күн тәртібі:

 

Қайрат ауылындағы жаңа көшеге атау беру туралы

 

Тыңдалды: М.Мәтен - Ақсай ауылдық округінің әкімі:                 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес Ақсай ауылдық округі, Қайрат ауылындағы жаңа көшеге Ербосын Джуншеев көшесі деп атау беру туралы түскен ұсыныс бойынша халықтың пікірін ескеруге жиналып отырмыз. Өз ой-пікірлеріңізді ортаға салуды сұраймын.

Сөйлеген: Б.Абделиев – жергілікті қоғамдастық мүшесі: Қайрат ауылдағы жаңа көшеге Ербосын Джуншеевтың есімін беру орынды. Жеңістің 80 жылдығы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімін ұлықтау – ұрпаққа өнеге, елге рух береді. Бұл ұрпақ тәрбиесінде мәні зор, елдің рухын көтеретін іс деп санаймын.

Сөйлеген: М.Асемов – жергілікті қоғамдастық мүшесі: Қайрат ауылдағы жаңа көшеге Ербосын Джуншеев көшесі деп атау беру туралы ұсынысты қолдаймыз, сондай-ақ көше атауын беру кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру керек деп есептейміз.

Сөйлеген: Ж.Сейітбеков – жергілікті қоғамдастық мүшесі: Менің айтарым, жаңа көше атау беруге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес Ұлы жеңістің 80 жылдығы аясында Ұлы Отан соғысының батырларының есімдерін ұлықтау өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп есептеймін. Ономастикалық атауларды ретке келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды мен жан-жақты қолдаймын.

Сөйлеген: М. Мәтен - Ақсай ауылдық округінің әкімі: Қайрат ауылындағы жаңа көшеге Ербосын Джуншеев көшесі деп атау беру бойынша тиісті халықтың пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа саламыз.

 

 

Қолдағандар: 13 адам

Қарсы болғандар: жоқ

Қалыс қалғандар: жоқ

 

Ақсай ауылдық округінің әкімі ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Қайрат ауылындағы жаңа көшеге Ербосын Джуншеев көшесі деп атау беру туралы ұсыныс жергілікті қоғамдастық мүшелерінің көпшілік дауыстарымен қолдау тапқандығын жариялады.

 

ЖИНАЛЫС ШЕШІМІ:

 

  1. Қайрат ауылындағы жаңа көше Ербосын Джуншеев көшесі деп аталсын.
  2. Осы ұсыныс жергілікті өкілді және атқарушы орган тарапынан тиісті аумақ халқының пікірін ескертудің қорытындысы бойынша бірлескен шешіммен облыстық ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

 

 

Жиналыс төрағасы                                                                           М.Мәтен

 

Жиналыс хатшысы                                                                С.Шырынбай