Әскерге бару - жүрегінде патриоттық сезімі бар әрбір жас үшін басты парыз. Бүгінде мемлекет тарапынан Отан алдындағы борышын өтеуге ниетті жастарға жан-жақты қолдау көрсетілуде.
Осыған орай, Тараз қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссияларының қызметін талдау және бағалау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының жетекшісі, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Байболат Ерлан Бейсенұлының төрағалығымен әскерге шақыру комиссияларының қызметін талдау және бағалау жөніндегі жиын өтті.
Жиынға аудан әкімінің у.м.а. А. Асабаев, аудан әкімінің орынбасары А.Ахметова, ауылдық округ әкімдері, әскери есепке жауапты мамандар және тиісті мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру қорытындысы және алдағы күзгі науқанға дайындық туралы баяндама жасалып, әскерге шақыру инфрақұрылымы мен ұйымдастыру мәселесі қаралды.
Жиын қорытындысында Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшысы Ерлан Бейсенұлы көтерілген мәселелерге қатысты пікір білдіріп, тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.