Бауыржан Момышұлы ауылындағы көшелерді қайта атау бойынша көше тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық мүшелерімен өткізілген жиналыстың № 5 ХАТТАМАСЫ

Бауыржан Момышұлы ауылындағы көшелерді қайта атау бойынша көше тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық мүшелерімен өткізілген жиналыстың  № 5 ХАТТАМАСЫ

Бауыржан Момышұлы ауылындағы көшелерді қайта атау бойынша көше тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық мүшелерімен өткізілген жиналыстың

№ 5 ХАТТАМАСЫ

 

Бауыржан Момышұлы                                                        20 маусым 2025 жыл

 

Б.Момышұлы ауылы                                                                             

әкімдігінің ғимараты                                                                        Сағат:11:00

 

Жиналыс төрағасы: Р.Кусембаев – Бауыржан Момышұлы ауылының әкімі.

Жиналыс хатшысы: А. Ниязова – Бауыржан Момышұлы ауылы әкімі аппаратының бас маманы.

Жиналысқа қатысқандар: Жергілікті қоғамдастық мүшелері – 20 адам. Дмитрий Пахомов – 1 тұйық көшесінің, Дмитрий Пахомов – 2 тұйық көшесінің, Достық-2 тұйық көшесінің және Абай 1-бұрылысының тұрғындары – 47 адам.

 

Күн тәртібінде:

 

Бауыржан Момышұлы ауылындағы Дмитрий Пахомов – 1 тұйық көшесін, Дмитрий Пахомов – 2 тұйық көшесін, Достық-2 тұйық көшесін және Абай                  1-бұрылысын қайта атау туралы.

 

Тыңдалды: Р. Кусембаев – Б.Момышұлы ауылының әкімі: Аудан орталығы Б.Момышұлы ауылында 83 көше орналасқан, атаулары қайталанатын көшелердің саны – 4. «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес бүгін Б.Момышұлы ауылындағы атаулары қайталанатын Дмитрий Пахомов – 1 тұйық көшесін, Дмитрий Пахомов – 2 тұйық көшесін, Достық-2 тұйық көшесін және Абай 1-бұрылысын қайта атау бойынша жиналып отырмыз.

Осы мәселе бойынша жоғарыда айтылған Заң аясында ағымдағы жылдың мамыр айында ауылдың жергілікті қоғамдастық мүшелері мен көше тұрғындарының қатысуымен жиналыс өткізілетіндігі туралы аудандық газет беттеріне және аудан әкімінің ресми сайтына хабарландыру жарияланған болатын. Бүгін енді сол хабарландыру бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелері және аталған көше тұрғындарымен кездесіп отырмын. Ендігі кезекте өз ой-пікірлеріңізді тыңдайық.

Сөйлегендер: Достық-2 көшесінің тұрғыны Т.Есаналиев: Бұл өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп есептеймін. Достық-2 тұйық көшесіне Баянды атауын беруді қолдаймын және сіздерді де осы атауды қолдауға шақырамын.

Д. Пахомов – 1 тұйық көшесінің тұрғыны Н.Ешмуратов: Дмитрий Пахомов Ұлы Отан Соғысына қатысқан батыр екенің бәріміз білеміз. Алайда, Дмитрий Пахомовтың есімі ауылдағы 1 көшеге және 2 тұйық көшелерге берілген. Сондықтан бір елді мекенде бір атау ғана қалу керек. Ұсынылып отырған жаңа атауларға қарсы емеспін, қолдаймын.

Д. Пахомова – 2 тұйық көшесінің тұрғыны Г.Султанова: Мен тұратын Дмитрий Пахомов 2 – тұйық көшесіне дәстүрлі Ықылас атау ұсынылып отыр екен, ықыласты болайық, мен қолдаймын көшенің жаңа атауын.

Абай 1-бұрылысының тұрғыны К.Нурходжаев: Көше тұрғындарының ұсынысын қолдай отырып, бұрылысқа және қайталанып кеткен көшелерге жаңа жекеленген атау беруді дұрыс деп санаймын. Ұлытау атауын беруге қарсы емеспіз.

Жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы К.Дауренов: Атауы қайталанған құрамдас бөліктерді қайта атау орынды жұмыс, орынды ұсыныс. Барлық көшелерге ұсынылып отырған атауларды қолдаймын және ауыл тұрғындары да қолдайтынына сенімдімін.

Жергілікті қоғамдастық кеңесінің мүшесі Ш.Искаков: Д. Пахомовтың есімімен аталатын көшелердің қайсысы қай жерде орналасқаны бойынша ауыл халқы шатасатын еді үнемі, көшелерді қайта атау туралы шешім қабылданғаны дұрыс болды. Ұсынылып отырған атауларды қолдаймын.

Ауыл әкімі Р. Кусембаев: «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес аталған көшелердің тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салуды ұсынамын.             

Қолдағандар: 69 адам

Қарсы болғандар: жоқ

Қалыс қалғандар: жоқ

 

Ауыл әкімі ашық дауыс беру қортындысы бойынша Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылындағы Дмитрий Пахомов – 1 тұйық көшесін Тұмар көшесі, Дмитрий Пахомов – 2 тұйық көшесін Ықылас көшесі, Достық-2 тұйық көшесін Баянды көшесі және Абай 1-бұрылысын Ұлытау көшесі деп қайта атау туралы ұсыныс  жоғарыда аталған көше тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық мүшелерінің көпшілік дауыстарымен қолдау тапқандығын жариялады.

 

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

 

  1. Б.Момышұлы ауылындағы Дмитрий Пахомов – 1 тұйық көшесін Тұмар көшесі, Дмитрий Пахомов – 2 тұйық көшесін Ықылас көшесі, Достық-2 тұйық көшесін Баянды көшесі және Абай 1-бұрылысын Ұлытау көшесі деп қайта аталсын.
  2. Осы ұсыныс жергілікті өкілді және атқарушы орган тарапынан тиісті аумақ халқының пікірін ескертудің қорытындысы бойынша бірлескен шешіммен облыстық ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

 

 

Жиналыс төрағасы                                                          Р.Кусембаев

 

Жиналыс хатшысы                                                          А.Ниязова