Жуалы ауданы, Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылы Гагарин көшісінің тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы №2

Жуалы ауданы, Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылы Гагарин көшісінің тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы  №2

Жуалы ауданы, Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылы Гагарин көшісінің тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы

№2

 

Қарасаз  ауылы                                                                       20 маусым 2025 жыл

Қарасаз  ауылдық округі                                                        сағат:10:00              

әкімдігінің ғимараты

 

Жиналыс төрағасы: Ж. Нұрмұратқызы – Қарасаз ауылдық округінің әкімі.

Жиналыс хатшысы: Д. Халықов – Қарасаз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

 

Қатысқандар: Жергілікті қоғамдастық мүшелері – 15 адам;

                           Гагарин көшесінің тұрғындары – 53 адам.

 

Күн тәртібі:

 

Қарасаз ауылындағы Гагарин көшесін Ынтымақ көшесіне қайта атау туралы.

 

Тыңдалды: Ж. Нұрмұратқызы – Қарасаз ауылдық округінің әкімі – бүгінгі күні жиналысқа Гагарин көшесінен 53 тұрғын, 15 жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысып отыр.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 211 бұйрығына сәйкес бүгін Қарасаз ауылындағы Гагарин көшесін Ынтымақ көшесі деп қайта атау бойынша жиналып отырмыз.

         Аталған мәселе бойынша Заң талаптарына сәйкес ағымдағы жылдың мамыр айында ауылдық округтің жергілікті қоғамдастық мүшелері мен көше тұрғындарының қатысуымен жиналыс өткізілетіндігі туралы аудандық газет беттеріне және аудан әкімінің ресми сайтына хабарландыру жарияланған болатын.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз ой-пікіплеріңізді ортаға салуды сұраймын.

         Сөйлеген: Қ. Өмірбеков, Р. Жабағиев – көше тұрғындары: Біздің Гагарин көшемізді Ынтымақ деп қайта атау туралы ұсынысты қолдаймыз. Бұл Ынтымақ деген атау осы көше тұрғындарының ынтымақта болуға жетелейді.

         Н. Ахметов – көше тұрғыны: халқымыз бұрыннан ынтымақты, ауызбірлікті болған, бұл өте жақсы дәстүр сол себепті Ынтымақ көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты қолдаймын.

Б. Тойшыбеков – көше тұрғыны: Бұл мәселемен көше тұрғындары бас қосқан болатынбыз, сол жерде Ынтымақ атауы ұсынылған. Көшенің атауын өзгертуге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Бұл өте дұрыс ұсыныс, бірауыздан қолдаймыз.

         Е. Қойлыбаев – жергілікті қоғамдастық төрағасы: Бұл мәселе көтерілгелі жиналыс жүргізіліп, осы көше тұрғындардың пікірлері толықтай ескеріліп, Гагарин көшесін Ынтымақ көшесі деп қайта атау туралы шешімге келіп отырмыз. Барлық көше тұрғындары бірауыздан қолдайды деп ойлаймын.

         Ж. Нұрмұратқызы – Қарасаз ауылдық округінің әкімі: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 211 бұйрығына сәйкес Қарасаз ауылының Гагарин көшесін Ынтымақ көшесі деп қайта атау бойынша тиісті халықтың пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа саламыз.

         Қолдағандар: 69 адам

Қарсы болғандар: 1 адам

Қалыс қалғандар: жоқ

Қарасаз ауылдық округінің әкімі ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Қарасаз ауылының Гагарин көшесін Ынтымақ көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты көше тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.

 

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

 

  1. Қарасаз ауылындағы Гагарин көшесі Ынтымақ көшесі деп қайта аталсын.
  2. Осы ұсыныс жергілікті өкілді және атқарушы орган тарапынан жергілікті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша бірлескен шешіммен Жамбыл облысының ономастика қарауына енгізілсін.

 

 

Жиналыс төрайымы                                                     Ж. Нұрмұратқызы

 

Жиналыс хатшысы                                                      Д. Халықов